Accessibility links

Австралияда апатқа ұшыраған кемеден 110 адам құтқарылды


Жағалауда тұрған кеме. Көрнекі сурет.
Жағалауда тұрған кеме. Көрнекі сурет.
Австралия жағалауында Индонезиядан шығып, апатқа ұшыраған кеменің орнында құтқару жұмыстары жұма күні таңертең қайта жалғасты.

Кеме бейсенбі кешке теңізде дауыл туған кезде Рождество мен Ява аралдары арасында апатқа ұшыраған. Кемеде Австралиядан пана іздеп келе жатқан 200-ге тарта адам болған.

Қазірге дейін 110 адам құтқарылды. Олардың барлығы - ерлер. Қалған 90 адамды іздеу және құтқару жұмыстарына Индонезия мен Австралияның әскери және сауда кемелері жұмылдырылған.
XS
SM
MD
LG