Ауғанстанның Кабул қаласы маңында содырлардың қонақүйге жасаған шабуылынан соңғы мәліметтер бойынша 17 адам қаза тапты. Олардың көпшілігі - бейбіт тұрғындар, үшеуі - содырлар. Қаза болғандар арасында бірнеше полицей мен қонақүй күзетшілері бар. Марқұмдардың арасында шетелдіктердің бар-жоғы әзірге белгісіз.
"Талибан" сарбаздары жұмаға қараған түні Кабул маңында орналасқан қонақүйді басып алып, онда адамдардың кейбірін кепілге алған. Кепілге алынған адамдарды босату операциясы 12 сағатқа созылды.
Қонақүй қазір толықтай босатылды. Шабуылға жауапкершілікті "Талибан" ұйымы мойнына алды. Ұйым "қонақүйге келушілер ерсі әрекет жасады" деп мәлімдеді.