Маусымның 22-сінде Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевке сот үкімі шықты. Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны ақтап, сот залынан босатты.
Облыстық сотқа сілтеме жасаған ақпарат агенттіктерінің хабарына қарағанда, сот өкілдері Сарбөпеевтің ісінен қылмыс табылмағанын, кінәсіз деп танығанын айтқан.
Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевке алғашында үш бап бойынша айып тағылған еді: «пара алды» (қылмыстық кодекстің 311-бабы), «қызметтік өкілетін асыра пайдаланды» (307-бап) және «қылмысқа дайындалды және қылмыс жасауға оқталды» (24-бап).