Грекияның жаңа премьер-министрі Антонис Самарас ауруханаға түсіп, көзіне операция жасатты. Үкімет өкілінің айтуынша, лазерлік операция сәтті өткен. Премьердің парламент алдында қашан сөз сөйлейтіні әлі белгісіз.
Қазір Грекияның жаңа тағайындалған қаржы министрі, 65 жастағы Вассилис Рапанос та ауруханада жатыр. Ол жұма күні ауырып, госпиталға жеткізілген еді.
Грекияның бұл аптада жасақталған коалициялық үкіметі Еуропа Одағы және Халықаралық валюта қорымен келісілген дағдарысқа қарсы шараларды батыл іске асыруға тиіс.
Дүйсенбі күні Афиныға Еуропа Одағы, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық орталық банк өкілдері келіссөз өткізуге барады. Грекияның ауруханада жатқан премьері мен министрі ол кездесуге қатыса ала ма, жоқ па - әлі белгісіз.