Accessibility links

Бен Ладенді "ұстап бергеннің" ағасы: АҚШ масқара етті


Шакил Африди, ЦРУ-ге Усама бен ладеннің мекен-жайын табуға көмектесті деп сипатталатын дәрігер. Көрнекі сурет
Шакил Африди, ЦРУ-ге Усама бен ладеннің мекен-жайын табуға көмектесті деп сипатталатын дәрігер. Көрнекі сурет
ЦРУ-ге Усама бен Ладеннің ізіне түсуге жәрдем қылды деп сипатталатын пәкістандық дәрігердің ағасы "АҚШ інімді масқара етті" деп санайды. 24 маусым күні Reuters агенттігіне сұхбат берген Джамил Африди інісі Шакилдің қауіпсіздігі үшін қатты алаңдайтынын айтты. Шакил Африди қазір Пешавардағы абақтыда қамауда отыр.

Африди "Лашкар-е Ислам" ұйымына көмектесті деген ресми айып бойынша 33 жылға сотталған еді. Бірақ жақтастары ол АҚШ барлау қызметіне былтыр Усама бен Ладеннің Абботабадтағы жасырынып жатқан мекенін анықтауға көмектескені үшін жазаланды деген пікір айтады.

Ал түрме өкілдері Афридиді қамауда жатқан басқа исламшылдардан қорғау үшін жеке камерада ұстап отырғандарын айтады.
XS
SM
MD
LG