Accessibility links

Парагвайдың жаңа президенті: Демократиядан тайған жоқпыз


Федерико Франко, Парагвай президенті. Көрнекі сурет
Федерико Франко, Парагвай президенті. Көрнекі сурет
Парагвайдың президенті Федерико Франко жаңадан қызметке кіріскен бойы көрші мемлекеттерге қатысты міндеттемелерінен айнымайтынын мәлімдеді. Ол сыртқы істер министрін ең әуелі Аргентина, Бразилия және Уругвайға жіберіп, елдің демократия жолынан таймағанын түсіндіруге тырысатынын айтты.

Өткен жұма күні Парагвай парламенті 39-4 дауыс айырмашылығымен президент Фернандо Лугоны отставкаға жіберуді қолдап шыққан еді. Лугодан соң іле-шала президенттік қызметке кіріскен Франконың әрекетін оңтүстік америкалық көршілері "бүлік" деп сипаттаған болатын. Наразылық таныту шарасы ретінде Аргентина Парагвайдағы елшісін кері шақырып алған еді.
XS
SM
MD
LG