16-17 маусымда Египет тарихында алғаш рет өткен демократиялық сайлаудың 24 маусымда жарияланған түпкілікті нәтижесі бойынша "Мұсылман бауырлар" ұйымының өкілі Мохаммед Мурси президент болып сайланды
Египеттегі алғашқы ашық сайлаудың жеңімпазы

1
Сайлау нәтижесі жарияланудан екі күн бұрын. Кандидат Мохаммед Мурси жұма намазына келді. Каир, 22 маусым 2012 жыл

2
Кандидат Ахмед Шафик сайлау нәтижесі жарияланбай мәслихат өткізіп тұр. Каир, 21 маусым 2012 жыл.

3
Екі кандидат Мохаммед Мурси (сол жақта) мен Ахмед Шафиктің суреттері

4
Тахрир алаңындағы әскери басшылыққа қарсы демонстрация. 20 маусым 2012 жыл

5
Кандидат, бұрынғы премьер Ахмед Шафик баспасөз мәслихатында. Каир, 21 маусым 2012 жыл

6
Ахмед Шафик баспасөз мәслихатын ұрандатып бітірді. Каир, 21 маусым 2012 жыл

7
Мохаммед Мурсидің жақтасы оның суретін сүйіп тұр. Каир, 23 маусым 2012 жыл

8
Ахмед Шафиктің жақтасы Қарулы күштердің жоғарғы кеңесінің басшысы, фельдмаршал Мохаммед Хуссейн Тантавидің суретін көтеріп келеді. Каир, 23 маусым 2012 жыл

9
Ахмед Шафиктің қолдаушылары христиан белгісі крест пен мұсылман символы жарты айды біріктіре ұстап тұр. Каир шетіндегі Наср ауылы, 23 маусым 2012 жыл

10
Нәтиже жарияланудан екі күн бұрын Мурсидің жеңісін тілеп намаз оқып тұрған жақтастары. Каирдің Тахрир алаңы, 19 маусым 2012 жыл

11
"Мұсылман бауырлар" ұйымының кеңсесіне Мурсидің жеңгені туралы хабар жетті. Каир, 24 маусым 2012 жыл

12
Мохаммед Мурсидің жақтастары бір-бірін құттықтап жатыр. Каир, 24 маусым 2012 жыл

13
Мохаммед Мурсидің жақтаушылары. Каир, Тахрир алаңы, 24 маусым 2012 жыл

14
Ахмед Шафиктің жеңілгенін естіген жақтастары қайғырып тұр. Каир, 24 маусым 2012 жыл

15
Мохаммед Шафикті қолдайтын "Мұсылман бауырлар" ұйымының мүшелері. Каир, 22 маусым 2012 жыл