Accessibility links

Италия құрамасы жартылай финалға шықты


Италия құрамасы жеңісін тойлап жатыр. Киев, 24 маусым 2012 жыл
Италия құрамасы жеңісін тойлап жатыр. Киев, 24 маусым 2012 жыл
Жексенбіде Еуропа чемпионатының ширек финалында Италия құрамасы Англияны пенальтиден 4:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.

Командалар негізгі және қосымша уақытта да бірін-бірі ала алмай, 0-0 есебімен тең түскен еді. Ойын Украинаның Киев қаласында болды.

Италия енді 28 маусымда Киевте жартылай финалда үш рет Еуропа чемпионы болған Германиямен ойнайды. Ширек финалда Францияны ұтқан Испания 27 маусымда Варшавада Португалиямен кездеседі.
XS
SM
MD
LG