Accessibility links

Беларусь сайлауға ЕҚЫҰ бақылаушыларын шақырады


Беларусь күзде өтетін парламент сайлауына ЕҚЫҰ бақылаушыларын шақыратын болды. Бұл туралы жексенбіде орталық сайлау комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина мемлекеттік телеарналардың бірінен хабарлады.

Оның айтуынша, Беларусь билігі осындай шешім қабылдаған. Бірақ ол "ЕҚЫҰ бақылаушыларынан оң баға күтпейтіндерін" айтты. Ермошина "Оның себебі - ЕҚЫҰ-ның сайлау барысы туралы есебі АҚШ мемлекеттік департаментінің тапсырысы бойынша жасалады" дейді.

Сайлау комиссиясының басшысы бұған қоса сайлауға байкот жариялау жайын талқылап жатқан оппозициялық партиялардың ЕҚЫҰ есебін қолдайтынына сенім білдірді. Оның айтуынша, оппозициялық партиялар ЕҚЫҰ-ның тұжырымын қолдамаса, шетелдің қаржылай көмегінен қағылады.

Беларусьте парламент сайлауы 23 қыркүйекте болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG