Accessibility links

ҰҚК: Шекарада офицерге шабуыл жасалды


ҰҚК-нің Алматы облысы Үшарал қаласындағы шекара заставасы. 31 мамыр 2012 жыл.
ҰҚК-нің Алматы облысы Үшарал қаласындағы шекара заставасы. 31 мамыр 2012 жыл.
Оңтүстік Қазақстан облысында 24 маусымда "Ынтымақ" шекара бекетінде офицерге бұзақылық шабуыл жасалды деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі.

Шекара қызметінің хабарлауынша, шабуыл жасалған "Ынтымақ" бекеті Көктерек елді мекеніндегі Сарыағаш шекара отрядына қарайды. Шабуыл кешкі сағат 17.30-да жасалған.

"Көлікпен келген белгісіз бес адам офицерге таяу тоқтап, оны ұрып-соға бастаған. Тапаншамен қорқытып, күштеп көлікке кіргізбек болған. Шабуылды тоқтатып, өзін-өзі қорғау үшін офицер қару қолданған. Оның салдарынан кездейсоқ жергілікті тұрғын қаза тапты" делінген хабарламада.

Офицердің өзі жараланған.

Қазір шабуыл жасағандарды анықтап, ұстау шаралары жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG