Accessibility links

Бішкектің бұрынғы мэріне айып тағылды


Нариман Төлеевті қолдап, сот ғимаратының алдына жиналғандар. Бішкек, 25 маусым 2012 жыл.
Нариман Төлеевті қолдап, сот ғимаратының алдына жиналғандар. Бішкек, 25 маусым 2012 жыл.
Бішкектің бұрынғы мэрі Нариман Төлеевке "коррупциялық қылмыс жасады" деген айып тағылды. Соттың шешімі бойынша, қазір парламент депутаты болып отырған Төлеев екі айға қамалатын болды.

Бас прокуратураның ақпаратына қарағанда, Төлеевтің Қытайда жасалған автобустарды қымбат бағамен заңсыз сатып алынуына қатысы бар. Қазынаға келген шығын 1,4 миллион АҚШ доллары көлемінде бағаланып отыр.

Нариман Төлеев Бішкекті биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің тұсында басқарған. Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, cот шешім шығарған кезде сот ғимаратының алдына Төлеевті қолдап жүзге тарта адам жиналған.
XS
SM
MD
LG