Accessibility links

Кипр Еуропа Одағынан көмек сұрады


Кипр президенті Деметрис Кристофиас. (Көрнекі сурет)
Кипр президенті Деметрис Кристофиас. (Көрнекі сурет)
Кипрдің гректер тұратын бөлігі елдегі Грекия экономикасына тәуелді банктерді қолдау үшін Еуропа Одағынан (ЕО) қаржылай көмек сұрады. Кипр осылайша Еуропа одағының қаржылай көмегіне жүгінген бесінші ел болып отыр.

Дүйсенбіде Fitch рейтинг агенттігі Кипрдің несие рейтингін төмендеткен еді.

Президент Деметрис Кристофиас қаржы дағдарысының ел экономикасына әсерін талқылау үшін сейсенбіде партия жетекшілерінің төтенше отырысын шақырды.

Осы аптада болатын ЕО саммитінде одақ елдерінің басшылары еуроны сақтап қалу мәселесін талқылайды.

Дүйсенбіде Испания өзінің банк жүйесін қолдау үшін 100 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы қажет екенін мәлімдеген. Осыдан кейін еуроның курсы бірден төмендеп кетті.
XS
SM
MD
LG