Accessibility links

Шекарашыларды ұрды деген әскерилер 2 айға қамалды


Алматы облысының Үшарал қаласындағы шекара заставасында тұрған шекарашы. 31 мамыр 2012 жыл.
Алматы облысының Үшарал қаласындағы шекара заставасында тұрған шекарашы. 31 мамыр 2012 жыл.
Өскемен гарнизонының әскери сот Терісайрық шекара заставасында әскери борышын өтеп жүрген 11 сарбазды ұрып-соқты деген күдіктілерді екі айға қамады. Бұл туралы сейсенбіде бас әскери прокуратура хабарлады.

18 маусымда Шығыс Қазақстан облысындағы №2017 әскери бөліміне қарайтын Терісайрық шекара заставасынан әскерге өткен жылы шақырылған 11 сарбаз кетіп қалған. 19 маусымда олар заставаға жақын жерден ұсталған. Сарбаздар заставадан келісім-шарт бойынша қызмет етіп жүрген үш әскериден қысым көргенін айтқан.

Жәбір көрсетті деген адамдар ұсталып, Өскемен гарнизонының әскери прокуроры оларға байланысты қылмыстық кодекстің 380(1)-бабы 2-бөлігінің "а" тармағымен қылмыстық іс қозғаған. Үшеудің бірі - шекара заставасының бастығы.
XS
SM
MD
LG