Accessibility links

Астанада Есіл өзеніндегі қауіпсіздік күшейтілді


Астана, Есіл өзені. (Көрнекі сурет)
Астана, Есіл өзені. (Көрнекі сурет)

"Новости-Казахстан" агенттігі Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігіне сілтеме жасап, Астана күнінің қарсаңында Есіл өзеніндегі қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін хабарлады.

Астанада әкімдік, төтенше жағдайлар департаменті, жалға қайық беретін бекеттер өкілдері Есіл өзеніндегі қауіпсіздік мәселесі бойынша жиналыс өткізген.

Министрлік хабарламасында "Жиналыста Есіл бойындағы халық көп шоғырланатын жерлерде: стационар бекеттер, қалалық жағажайлар (пляждар), жаяулар көпірлері, жағалауларда кеме, қайықтарға мініп-түсудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі айтылды" деп жазылған.

Бұдан өзге, тиісті органдарға қайықтардың техникалық жағдайы мен жолаушылар тасымалдау ережелерінің бұзылмауын, құтқару қызметтерінің жұмысын қадағалау тапсырылған.

Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметі бойынша, қазір Есілдің кеме, қайық жүретін бөлігі - 6 километр.

Астана күні - 6 маусым.
XS
SM
MD
LG