Accessibility links

Башар Асад Сирияның соғыс жағдайында екенін айтты


БашарАсадтың бейнесі салынған баннер.
БашарАсадтың бейнесі салынған баннер.
Сирия президенті Башар Асад елдің соғыс жағдайында тұрғанын айтып, үкіметке жеңіске жету жолындағы шараларды күшейтуді тапсырды.

Асад бұрын елдегі жағдайды «соғыс» деп атамайтын, «шетелден қаржыландырылатын қарулы топтар» жайында айтатын.

Сейсенбіде Дамаскіде қарулы оппозиция мен әскер арасында қатты ұрыс болды. Өткен тәулікте қаза тапқандар саны 116-ға жетті. Оның 68-і - қарапайым азамат, 41-і - әскер, жетеуі - көтерілісші екені хабарланған.

Башар Асад режиміне қарсы көтеріліс 15 ай бұрын басталды. Құқық қорғаушылардың пікірінше, осы аралықта 15 мыңдай адам қаза тапқан. Ондаған мың тұрғын Түркияға қашқан.

Маусымның ортасынан бастап БҰҰ өкілдері Сириядағы оқиғаларды «азаматтық соғыс» деп атап келеді.
XS
SM
MD
LG