Accessibility links

Пәкістанда шииттер мінген автобусқа шабуыл жасалды


Пәкістанның Белуджистан провинциясының картасы. Көрнекі сурет.
Пәкістанның Белуджистан провинциясының картасы. Көрнекі сурет.
Пәкістанның Ауғанстанмен және Иранмен шекаралас Белуджистан провинциясында шиит діндарлары мінген автобусқа шабуыл жасалып, 10 адам қаза тапты. Бірнеше адам жараланды.

Хабарларға қарағанда, автобуста Ираннан сапарлап келе жатқан шамамен 40 шақты адам болған. Шабуыл жасағандар втобусты жолда алдымен атқылап, артынан жарып жіберген. Пәкістан билігі шабуылды сүннитік топ сарбаздары жасаған болуы мүмкін дейді.

Сүнниттер басым тұратын Пәкістанда шииттер азшылықты құрайды. Екі қауым өкілдерінің көпшілігі негізінен бірін-бірі құрметтеп, тату-тәтті тұрып келе жатқан. Бірақ соңғы 30 жылда екі жақтың экстремистік бағыттағы топтары екі діни қауым өкілдеріне бірнеше рет шабуыл жасады. Соңғы уақыттары әсіресе шииттерге жиі шабуыл жасалатын болды.
XS
SM
MD
LG