Accessibility links

Парламент депутаттары жазғы демалысқа кетті


Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы Сенат депутаттарының жалпы отырысы. Көрнекі сурет.
Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы Сенат депутаттарының жалпы отырысы. Көрнекі сурет.
Қазақстан парламенті алғашқы жұмыс сессиясын аяқтап, демалысқа шықты деп хабарлайды "Интерфакс Қазақстан" агенттігі.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин сессияны қорытындылаған баяндама жасады. Баяндамасында ол мәжіліс депутаттарының 70-тен астам заң жобасын қарап, оның 39-ын сенаттың қарауына жібергенін айтты. 39 заң жобасының 22-сі қабылданып, күшіне енген.

Депутаттардың жазғы демалысы заң бойынша 1 шілдеден басталып, тамыздың соңында аяқталады.
XS
SM
MD
LG