Жұма күні Астанада Eurocopter 145 тікұшағын құрастыратын завод ашылды деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі. Завод жылына 10 тікұшақ құрастырып шығармақ.
«Казахстан инжиниринг» компаниясының президенті Болат Смағұловтың айтуынша, завод 2013 жылдан бастап Eurocopter 725 деп аталатын әскери-транспорттық тікұшақ құрастыруға кіріспек.
Астанада Eurocopter 145 тікұшағын құрайтын завод салу туралы келісімге «Казахстан инжиниринг» компаниясы мен француздың Eurocopter компаниясы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылы қазанда Францияға сапары кезінде қол қойған.