Accessibility links

АҚШ-тың Колорадо штатында төтенше жағдай жарияланды


Уалдо шатқалындағы өрттің түтіні. АҚШ, Колорадо штаты, 26 маусым 2012 жыл.
Уалдо шатқалындағы өрттің түтіні. АҚШ, Колорадо штаты, 26 маусым 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Колорадо штатында орманда шыққан өртке байланысты төтенше жағдай жариялады. Енді штат билігі өртті сөндіріп, оның зардабын жою үшін федералдық қордан қаржы ала алады.

9 маусымда басталған өрттен осы кезге дейін бір адам қаза тапты. 30 мыңнан астам адам басқа жаққа көшірілді.

Колорадо-Спрингс қаласында Уалдо шатқалындағы өрттен 346 үй жанып кеткен. Өртті сөндіру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 67 шаршы шақырым аумақ түгелдей өртенген.

Өрт көршілес Юта штатына жайылып, онда 180 шаршы шақырым жер өртенген. Ал Монтана шататында 500 шаршы шақырым аумақты өрт шарпып, ондаған үй жанып кетті. Мыңдаған адам басқа жаққа көшірілді.
XS
SM
MD
LG