Janaozen.net порталының тілшісі Диас Бейсенбектің үстінен әкімшілік кодекстің 373-бабы 1-тармағы бойынша іс қозғалып, ескерту жасалды. Бұл туралы Азаттық радиосына Диас Бейсенбектің өзі хабарлады.
- Әкімшілік сот 15 маусымда Болат Атабаев пен Жанболат Мамайды қолдаған акцияға қатысқаным үшін "бейбіт шеру мен жиындар өткізудің тәртібін бұзды" деген айып тағып, ескерту жасады, - деді ол.
Диас Бейсенбек және бірнеше қоғамдық белсенді 15 маусымда Алматы қалалық ҰҚК департаментінің тергеу абақтысының алдына жиналып, сол күні таңертең қамалған режиссер Болат Атабаев пен белсенді Жанболат Мамайды қудаламауды талап еткен.