Сейсенбіде Румынияда социал-либералдық одақтан сайланған сенаторлар басым дауыспен оппозициядан сайланған сенат басшысын отставкаға жіберді.
Сол күні елдің конституциялық соты өзіне басқарушы социал-либералдық одақ тарапынан қысым жасалып жатқанын мәлімдеп, премьер-министр әрі одақтың жетекшісі Виктор Понтаны "сотты қайта жасақтауға ұмтылып отыр" деп айыптады. Мұның алдында социал-либералдық одақтың өкілдері "конституциялық соттың бірнеше мүшесін кері шақырып алу керек" деп мәлімдеген еді. Сот "тәуелсіздігіне қауіп төніп тұрғаны" жайында Еуропа Одағына да ескерткен.
Румыния ақпарат құралдарының хабарлауынша, сотты қайта жасақтау социал-либералдарға премьер-министр Виктор Понтамен араздасып қалған Румыния президент Траян Бэсескуге импичмент жариялауға мүмкіндік бермек.
Президент Бэсеску сейсенбіде қарсыластарын "мемлекеттік институттарға шабуыл жасап отыр" деп айыптаған.