Accessibility links

Францияда Саркозидің үстінен тергеу жүріп жатыр


Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози. 6 мамыр 2012 жыл.
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози. 6 мамыр 2012 жыл.
Француз полициясы бұрынғы президент Николя Саркозидің үйі мен кеңсесіне тінту жүргізді. Бұған дейін полиция Саркозиді "2007 жылы өзінің саяси кампаниясына сырттан заңсыз түрде ақша алды" деп айыптаған.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл іспен қазір Париждің қаржылық қылмыстарды тергеу тобының судьясы Жан-Мишель Жантиль мен басқа да тергеушілер айналысып жатыр. Тергеушілер қазір косметикалық өнімдер шығаратын L'Oreal компаниясының мұрагері, елдегі ең бай әйел Лилиан Беттанкурдың көмекшілері Саркозидің саяси кампаниясын қаржыландырған деген деректі анықтап жатыр.

Мамырдағы сайлауда социалист Франсуа Олландтан жеңіліп қалған Саркозидің өзі бұл айыпты жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG