Accessibility links

Тәжікстанда "тіл тигізу" бабы қылмыстық кодекстен алынды


Тәжікстан парламентінің отырысы. Душанбе, 25 сәуір 2012 жыл.
Тәжікстан парламентінің отырысы. Душанбе, 25 сәуір 2012 жыл.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон тіл тигізу мен жала жабу айыбын қылмыстық кодекстен азаматтық кодекске ауыстыратын заңға қол қойды.

Тәжікстанның тәуелсіз журналистері 1991 жылы СССР құлағаннан бері биліктің қудалауына ұшырап келген. Енді "өзгеге жала жапты" немесе "тіл тигізді" деген айыппен істі болған журналистер қылмыстық емес, тек әкімшілік жауапкершілікке ғана тартылып, айыппұл төлейді.

Баспасөз құқығын қорғау ұйымдары мен ЕҚЫҰ осы жылдың басында аталған заң жбасының қабылдануын қолдаған. Бұған дейінгі заңнама бойынша, "жала жапты" немесе "тіл тигізді" деген айыппен істі болған тәжікстандық журналистер бірнеше жылға сотталып кете баратын. Бірақ жаңа заңда президентке жала жапқан немесе тіл тигізендерді бес жылға дейін соттау жазасын өзгерту қарастырылмаған.
XS
SM
MD
LG