Accessibility links

Ахмединежад Мурсиді саммитке шақырды


Иран президенті Махмуд Ахмежинежад.
Иран президенті Махмуд Ахмежинежад.
Иран президенті Махмуд Ахмединежад Египеттің жаңа сайланған президенті Мохаммед Мурсиді 20 тамызда Тегеранда өтетін Бейтарап елдердің саммитіне қатысуға шақырды. Египеттің мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мурсимен телефон арқылы сөйлескен Ахмединежад оған табыс тіледі.

Бұл - Мурси президент ретінде ант қабылдағаннан кейінгі Иран мен Египет арасындағы алғашқы оқиға.

Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыс Ирандағы ислам революциясы мен Египеттің Израильді мойындауынан кейін, 1980 жылы үзілген еді.

Иранның Fars агенттігі бұған дейін Мурсиді екі ел арасындағы қарым-қатынасты қайта жандандыруға мүдделі деп хабарлаған. Бірақ Мурси ол агенттікке сұхбат беруден бас тартты. Египет президентінің өкілі Мурсидің Fars агенттігін сотқа беретінін айтады.
XS
SM
MD
LG