Accessibility links

Ресейде қаралы күн жарияланды


Су тасқыны сәтінен көрініс. Қырым ауданы, Краснодар аймағы, 7 шілде 2012 жыл.
Су тасқыны сәтінен көрініс. Қырым ауданы, Краснодар аймағы, 7 шілде 2012 жыл.
Ресейде бүгін Краснодар аймағындағы су тасқынының құрбандары мен Украинаның Черниговск облысында жол апатынан ондаған ресейліктің қаза табуына орай қаралы күн жарияланды. Қаралы күн жариялау туралы жарлыққа президент Владимир Путин жексенбіде қол қойды.

Қырым, Геленжик аудандары мен Новороссийскіде болған су тасқынынан соңғы деректер бойынша 171 адам құрбан болды. Бес мыңнан астам үй-жай, ұзындығы 400 метр болатын екі теміржол торабы су астында қалды. Жергілікті биліктің дерегі бойынша, 24 мыңнан астам адам зардап шеккен.

Ресейдің көптеген қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қаржысын жинау орталықтары ашылды. Белсенділер интернет арқылы бір миллион рубль жинаған. Кубаньға көршілес және басқа да аудандардан еріктілер келіп жатыр.
XS
SM
MD
LG