Accessibility links

Wikipedia "Ресейде цензура орнайтынына" наразы


Wikipedia энциклопедиясының басты беті.
Wikipedia энциклопедиясының басты беті.
Wikipedia ("Википедия") энциклопедиясының орыс тіліндегі парақшасы интернетті реттеу туралы заңға түзетулер енгізу туралы ұсыныстарға наразылық танытып, бір күнге жұмысын тоқтатты.

"10 маусымда Мемлекеттік думада ақпарат туралы заңға түзету енгізуге қатысты тыңдау өтеді. Өзгеріс қабылданса, орыс тіліндегі интернет ресурстарға сотсыз цензура қойылып, Wikipedia-ның орыс тіліндегі парақшасы жабылуы мүмкін" делінген энциклопедияның басты бетінде жазылған хабарламада.

Wikipedia еркін білім алуға кедергі келтіретін цензураға қарсы екенін айтады.

Өткен жұмада Ресей парламенті депутаттары "Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғау туралы" федералдық заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдаған еді.
XS
SM
MD
LG