Accessibility links

Министрлік өкілі: Сириядан 50 қазақстандық оралды


Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев.
"Сирияда әскери қақтығыстар басталғалы бері 50-ден астам қазақстандық елге оралды" деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Алтай Абибуллаев ақпарат құралдарына арнап өткізген брифингте.

Абибуллаевтың сөзіне қарағанда, Сирияда 150 қазақстандық уақытша немесе тұрақты түрде тұрып жатыр. Оның 70-і - кәмелетке толмағандар. "Соңғы дерек бойынша, оның 50-ден астамы елге оралды. Тағы бірнешеуі Қазақстанға қайту туралы өтініш білдірді" дейді министрлік өкілі.

Сирияда 2011 жылы көктемде басталған билікке қарсы наразылықтар әскери қақтығысқа ұласты. БҰҰ таяуда Сириядағы дағдарысты азамат соғысы деп атады.
XS
SM
MD
LG