Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше терроризм және экстремизммен күрес мәселелеріне арналған жиын өткізді деп хабарлайды президенттің ресми akorda.kz сайты.
Кездесуде Назарбаев халықтың құқық қорғау органдарының терроризм және экстремизмге қатысы бар қылмыстардың алдын алуға қабілетсіздігіне наразы екенін айтқан.
"Құқық қорғау органдарының елдегі заңдылық пен тұрақтылықты сақтаудан асқан маңызды міндеті жоқ" деген Назарбаев одан ары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) жұмысына көңілі толмайтынын да айтты.
"Мұқият жұмыс жүргізілмеу кесірінен біз осындай қылмыстардың алдын ала алмаймыз. Президент және конституцияның кепілі ретінде құқық қорғау органдарының, әсіресе ҰҚК жұмысына риза емеспін" деді Назарбаев.
Президент кеше Алматы облысының Қарасай ауданы Таусамал ауылында жер үйде жарылыс болғанын, кейін ол жерден қару-жарақтар табылғанын да айтты.
Ресми сайттың жазуынша, 2011 және 2012 жылдары ғана терроризм және экстремизммен байланысы бар жүзден астам қылмыс жасалған.