Accessibility links

Алматы облысының Таусамал ауылында жер үй өртенгенде қаза тапқан адам сегізге жетті деп хабарлады бас прокуратура өзінің ресми сайтында. Оның төртеуі - балалар.

12 шілдеге қараған түні облыстың Қарасай ауданына қарайтын Таусамал ауылында (бұрынғы Каменка) жер үй өртеніп, 7 адамның қаза тапқанын Azattyq.org сайты кеше жазған.

Бас прокуратураның жедел тергеу тобы өрт болған үйді тексеру кезінде қару-жарақ, полиция киімдері мен діни әдебиеттер тапқанын айтады.

Оқиға бойынша Алматы облысының прокуратурасы "террористік әрекетке дайындалды" деген іс қозғаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG