Accessibility links

Көшербаев Назарбаевтың кеңесшісі болды


Қырымбек Көшербаев облысы әкімі кезінде ереуілші мұнайшылармен кездесіп тұр. Жаңаөзен, 1 қыркүйек 2011 жыл.
Қырымбек Көшербаев облысы әкімі кезінде ереуілші мұнайшылармен кездесіп тұр. Жаңаөзен, 1 қыркүйек 2011 жыл.
Қазақстан президентінің ресми сайты "Қырымбек Көшербаев президент Назарбаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды" деп хабарлады.

2006 жылдың қаңтарынан бері Маңғыстау облысының әкімі болған Қырымбек Көшербаев Жаңаөзен оқиғасынан кейін қызметінен кеткен еді.

Президент Назарбаев 2011 жылы 22 желтоқсанда Ақтауға барып, Қырымбек Көшербаевтың орынына Бауыржан Мұхамеджановты тағайындаған.

Кейін бұл өзгеріс туралы журналистерге арнап брифинг өткізген Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Жанна Ойшыбаева «Қырымбек Көшербаев жұмыстан өз өтінішімен кеткенін» хабарлаған.

- Президент Қырымбек Көшербаевтың Маңғыстау облысына сіңірген еңбегін жоғары бағалады: «Ол облысты артта қалған аймақтан экономика саласындағы көшбасшы облысқа айналдырды. Жаңаөзендегі жағдайда Көшербаевтың кінәсі жоқ. Ол - ұлттық мұнай компаниясы бұрынғы басшыларының өз жұмысшыларымен ортақ тіл табысып жұмыс істей алмауынан» деп атап көрсетті, - деген еді Жанна Ойшыбаева.

Ол «облыстың бұрынғы әкімін президент өзімен бірге Астанаға алып кететінін», «Қырымбек Көшербаев мемлекет басшысының жанында жұмыс істейтінін» айтқан.
XS
SM
MD
LG