Accessibility links

Марин Ле Пеннің жақтастары Мадоннаны сотқа бермек


"Ұлттық майдан" партиясының жетекшісі Марин Ле Пен. 17 ақпан 2012 жыл.
"Ұлттық майдан" партиясының жетекшісі Марин Ле Пен. 17 ақпан 2012 жыл.
Француздың әсіреоңшыл "Ұлттық майдан" партиясы америкалық танымал әнші Мадоннаны сотқа бермек.

Партияның Мадоннаны сотқа беруіне әншінің өткен сенбі күні Париждегі концертінде көрсеткен видеоролигі себеп болды. Онда маңдайында фашистік свастика белгісі бар партия жетекшісі Марин Ле Пеннің бейнесі түсірілген.

Мадонна ол видеоролигін бұған дейін бірнеше елде өткізген концерттерінде көрсеткен еді. Әншінің бұл әрекетіне наразы болған Марин Ле Пен "егер Мадонна Париждегі концертінде де видеороликті көрсетсе, сотқа беретінін" мәлімдеді.

Марин Ле Пен "Ұлттық майдан" партиясының нәсілшіл немесе антисемиттік ұйым емес екенін бұған дейін бірнеше рет айтты.
XS
SM
MD
LG