Бүгін Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды деп хабарлады осы аймақтағы Азаттық тілшісі.
Жаңаөзен қаласына барған премьерді қала тұрғындары «Кәрім, керім болсаң желтоқсанда қайда болдың?», «Қан жібермейді» тәрізді наразылық сөздері жазылған плакат ұстап қарсы алды.
Атыраулық «Заман» қоғамдық ұйымы өкілі Әсел Нұрғазиеваның айтуынша, Жаңаөзен оқиғасында жәбірленген және қаза болған адамдардың туыстары Кәрім Мәсімовпен кездеспек болған. Олар Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі, сот залынан бостандыққа шыққан Орақ Сарбөпеевтің ісін қайта қарауды талап етпек еді.
– Алайда Мәсімов жиналған топқа қараған да жоқ. Тез келіп кетті, – деді қоғамдық белсенді.