Accessibility links

Жапонияда атом энергиясын өндіруге наразылық танытты


Фукусима АЭС-і. Жапония. Көрнекі сурет.
Фукусима АЭС-і. Жапония. Көрнекі сурет.
Жапонияның астанасы Токиода бүгін жүз мыңнан астам адам үкіметтің атом энергиясынан бас тартуын талап етіп шеруге шықты.

Шеру жапон үкіметінің "Охи" атом электр станциясының (АЭС) реакторын қайта іске қосу туралы қаулысы шыққан кезде өтіп отыр.

2011 жылы наурызда жер сілкінісі мен цунамиден зардап шеккен "Фукусима-Дайичи" АЭС-індегі апаттан соң елдегі барлық 50 атом реакторы жұмысын тоқтатқан еді.

Бүгінгі шеруді ұйымдастырушылар билік өткен жылғы апаттан кейінгі АЭС-тен бас тарту шешімін қайта қарайды деп қауіптенеді. Белсенділер қазір АЭС-тен бас тартуды талап еткен петицияға жеті жарым миллион адамның қолын жинағандарын айтады.
XS
SM
MD
LG