Accessibility links

АҚШ әскери кемесі БАӘ жағалауындағы қайықты атқылады


Теңізде жүрген әскери кеме. Көрнекі сурет.
Теңізде жүрген әскери кеме. Көрнекі сурет.
АҚШ-тың әскери теңіз күштерінің кемесі дүйсенбіде Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) жағалауында жүрген қайықты атқылады. АҚШ әскери теңіз күштерінің өкілі Грег Рельсонның айтуынша, Дубай маңында жүрген қайық экипажына әуелі бірнеше ескерту жасалған.

БАӘ мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қайықты атқылау кезінде ұлты үнді бір адам қаза тауып, үш адам жараланған. Қайық Иранмен теңіздегі шекараға жақын жүргендіктен кеме экипажы қайықтан қатер төнеді деп ойлаған.

Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
XS
SM
MD
LG