АҚШ конгресінің өкілдер палатасы мемлекеттік департаментті Пәкістанда қызмет істейтін "Хаккани" тобын халықаралық террористік ұйымдардың қатарына кіргізуге шақырды.
Сейсенбіде өкілдер палатасы "Хаккани" тобын "Ауғанстанның шығысында НАТО күштеріне қарсы әрекет ететін ең қауіпті көтерілісшілер тобы" деп жариялайтын заң жобасын көпшілік дауыспен мақұлдаған.
АҚШ билігі "Хаккани" тобын ірі терактілер жасады деп айыптайды. Олардың арасында өткен жылы қыркүйекте АҚШ-тың Кабулдағы елшілігіне жасалған шабуыл да бар. Бірақ топ әлі күнге дейін халықаралық террористік ұйымдар тізіміне кіргізілмеген. Тізімге енген жағдайда топпен байланысы бар америкалық активтер жабылып, оған қатысы бар адамдар тұтқындалуы мүмкін.
Вашингтон "Хаккани" өкілдері келіссөздерге келеді деген үмітпен осы кезге дейін топты террористік ұйымдар қатарына енгізуден тартынып келді.