Accessibility links

Дамаскідегі жарылыстан тағы бір министр қаза болды


Дамаскідегі жарылыста қаза тапқан Сирияның қорғаныс министрі Дауд Раджха, генерал Хасан Туркмани және Башар Асадтың күйеу баласы Асеф Шавкат.
Дамаскідегі жарылыста қаза тапқан Сирияның қорғаныс министрі Дауд Раджха, генерал Хасан Туркмани және Башар Асадтың күйеу баласы Асеф Шавкат.
Дамаскіде сәрсенбіде болған жарылыста жараланған Сирияның ішкі істер министрі Ибрагим әл-Шаар қаза тапты. Ибрагим әл-Шаар президент Башар Асадтың жақын серіктерінің бірі болған.

Дамаскіде ұлттық қауіпсіздік қызметінің ғимаратында жоғары деңгейдегі үкімет мүшелерінің жиыны өтіп жатқанда жарылыс болған еді. Жарылыстан Асадқа аса жақын үкімет мүшелері - қорғаныс министрі Дауд Раджха, оның орынбасары, Асадтың күйеу баласы Асеф Шавкат және генерал Хасан Туркмани қаза тапқан. Жарылысты "Сирия ерікті армиясы" деп аталатын оппозициялық топ мойнына алды.

Оппозициялық Сирия ұлттық кеңесінің сыртқы істер жөніндегі офицері Радван Зияда Reuters агенттігіне берген сұхбатында "Асеф Шавкат - президент Башар Асадтың күйеу баласы ғана емес, Асад режимінде армияға бұйрық беретін бірден-бір адам" деді.

Оқиғаға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сәрсенбіге жоспарлаған Сирияға қатысты жаңа қарар жобасына дауыс беруді кейінге ысырды. АҚШ оқиғаға қатысты жасаған мәлімдемесінде "жарылыс Башар Асадтың елдегі жағдайды бақылауынан шығарып алғанын дәлелдейді" деді.
XS
SM
MD
LG