Accessibility links

Татарстанда бас мүфти мен орынбасарына қастандық жасалды


Татарстан мүфтиінің орынбасары Валиулла Якупов.
Татарстан мүфтиінің орынбасары Валиулла Якупов.
Бүгін таңғы сағат 10 шамасында Қазанда Татарстан мүфтиінің орынбасары Валиулла Якуповты белгісіз біреулер үйінен шыға берісте атып өлтіріп кетті.

Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркиннің хабарлауынша, қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Валиулла Якуповке жасалған қастандықтан соң бір сағат өте бере Татарстанның мүфтиі Илдус Файзовтың қызметтік көлігі жарылған. Кейбір деректерге қарағанда, Илдуз Файзов жараланған. Қаза тапқан адамдар да бар. Қазір жарылыс болған жерді тергеушілер тексеріп жатыр. Мүфтидің өзі көлікте болған-болмағаны белгісіз.

Валиулла Якупов 2008 жылдан бері Татарстан мүфтиінің орынбасары қызметін атқарып келген. Ол 2009 жылдан бері Ресей әділет мнистрлігінің жанындағы мемлекеттік діни сараптама бойынша кеңестің тең төрағасы болды.
XS
SM
MD
LG