Accessibility links

Ресей мен Қытай Сирияға қатысты қарарға вето қойды


Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин Сирияға қатысты қарарға вето қойды. Нью-Йорк, 19 шілде 2012 жыл.
Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин Сирияға қатысты қарарға вето қойды. Нью-Йорк, 19 шілде 2012 жыл.
Ресей мен Қытай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияға қатысты жаңа қарарына вето қойды. Бейсенбіде Батыс елдері ұсынған қарар жобасына дауыс беруде Пәкістан мен Оңтүстік Африка қалыс қалды.

Қарарда Сирия режиміне елдегі қақтығысты тоқтатуға және басқа да талаптарды орындауға 10 күн уақыт беру қарастырылған. Егер талаптар орындалмаған жағдайда санкция енгізу көзделген. Қарар бойынша БҰҰ-ның Сириядағы бақылаушылар миссиясы да ұзаруы тиіс еді.

Қарарға дауыс беру негізі сәрсенбіге жоспарланған. Бірақ сол күні Дамаскіде ірі жарылыс болғандықтан, бір күн кейінге ысырылды.

Соңғы екі күнде Дамаскіде қақтығыс тоқтамай тұр. Оппозицияның дерегінше, Сирияда соңы азаматтық соғысқа ұласқан режимге наразылықтар басталғалы бері 17 мыңнан астам адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG