Испанияның 80 қаласында мыңдаған адам бейсенбіде үкіметтің бюджет шығындарын қысқарту туралы соңғы шараларына наразылық танытып, шеруге шықты.
Мадридтің орталығында жұмаға қараған түні полиция наразы топты тарату үшін резеңке оқ атып, резеңке сойыл қолданды.
Парламенттегі көпшілік орынға ие басқарушы консервативті Халықтық партиясы кеше салықты өсіріп, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын азайту шараларын қабылдаған.
Испания билігі кеше Еуропа Одағы (ЕО) елге 122,9 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек бергенін жариялады.
Испания - қаржы дағдарысында ЕО-ның көмегіне жүгінген төртінші мемлекет. Оған дейін Грекия, Ирландия және Португалия ЕО-дан көмек алған.