Accessibility links

Бакуде Гейдар Әлиев атындағы орталық өртенді


Гейдар Әлиев атындағы орталықтан шығып жатқан өрт түтіні. Баку, 20 шілде 2012 жыл.
Гейдар Әлиев атындағы орталықтан шығып жатқан өрт түтіні. Баку, 20 шілде 2012 жыл.
Бүгін Бакуде Әзербайжанның бұрынғы президенті Гейдар Әлиев атындағы орталықтың ғимараты өртенді. Әзербайжан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, өртті өшіруге өрт сөндіруші он бригада жұмылдырылған.

Гейдар Әлиев советтік Әзірбайжанды басқарған коммунистік басшы болды. Оны қазіргі заманғы Әзербайжанның негізін салушы ретінде санайды.

2003 жылы қайтыс болған Гейдар Әлиевтің құрметіне салынған орталық биылғы мамаыр айында оның туғанына 89 жыл толуына орай ашылған. Орталықтың құрылысына жүздеген миллион АҚШ доллары қаржы жұмсалды.
XS
SM
MD
LG