Accessibility links

Колорадада қаза тапқандарды еске алу рәсімі өтті


АҚШ президенті Барак Обама Аврорадағы оқиғаға байланысты сөйлеп тұр. Флорида, 20 шілде 2012.
АҚШ президенті Барак Обама Аврорадағы оқиғаға байланысты сөйлеп тұр. Флорида, 20 шілде 2012.
Жексенбі күні жұмада жаппай кісі өлімі болған АҚШ-тың Колорадо штатындағы Аврора қаласында қаза тапқандарды еске алу рәсімі өтті.

Рәсімге президент Барак Обама қатысты. Ол жаралылар жатқан ауруханаға да барып, зардап шеккендердің туыстарымен кездесті.

Жұма күні Аврора тұрғыны 24 жастағы Джеймс Холмс кинотеатрда оқ атып, 12 адамды өлтірді. 58 адам жараланды. Оқиға кезінде кинотеатрда «Қара сері: аңыздың жаңғыруы» фильмінің премьерасы болып жатқан. Соңынан Холмс тұтқындалды.

Жексенбіде оның бірнеше апта бұрын жергілікті атыс клубына мүшелікке өтуге өтініш білдіріп, қабылданбағаны белгілі болды. БАҚ мәліметіне қарағанда, ол қолданған қаруда ақау болған, әйтпесе, құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екен.
XS
SM
MD
LG