Accessibility links

Рысқалиев мұнайшы балалары туралы айтқанына түсінік берді


Бергей Рысқалиев, Атыру облысының әкімі.
Бергей Рысқалиев, Атыру облысының әкімі.
Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев бұған дейінгі өзінің «мұнайшылар балаларын балабақшалардан шығару» туралы пікіріне қатысты түсініктеме берді.

- Бүгінде аймақ балабақшамен 80 пайызға қамтамасыз етілген. Егер қалған 20 пайызға компаниялар балабақша салса, бізге бюджет ақшасын үнемдеуге мүмкіндік туады. Олар балабақшаларды салып, бізге өткізсін әрі жыл сайынғы оны қаржыландыруға ақша бөліп отырсын - бұған қарсылығымыз жоқ,- деді әкім.

Бұл турасында ол жұма күнгі облыстық мәслихат сессиясында есеп берген кезінде тоқталды.

Бергей Рысқалиев шілденің 18-і күні өткен кезекті қалалық мәслихат сессиясында мұнайшылардың өз балабақшаларын салып алуға шамасы әбден жететіні туралы айтқан. Оның ойынша, мұнайшылар дәрігерлер мен мұғалімдерден көп табыс табады.
XS
SM
MD
LG