Accessibility links

АҚШ-тық тұңғыш астронавт әйел қайтыс болды


Астронавт Салли Райд Challenger шаттлында. Маусым, 1983 ж.
Астронавт Салли Райд Challenger шаттлында. Маусым, 1983 ж.
АҚШ-та осы елден шықққан тұңғыш астронавт әйел Салли Райд 61 жасында қатерлі ісік салдарынан өмірден өтті.

Райд алғаш рет 1983 жылы маусымда америкалық Challenger шаттлымен ұшып, ғарышта алты күн болып жерге оралды. Сонан соң 1984 жылы қазан айында тағы да Challenger шаттлы экипажының құрамында ғарышта болды.

1989 жылдан бері Сан-Диегодағы Калифорния университетінің профессоры болған Салли Райд оқушыларды ғылым ісіне баулуды мақсат тұтатын Sally Ride Science қорын құрған.
XS
SM
MD
LG