Accessibility links

Гуантанамоның бұрынғы тұтқыны даулы істе ұтты


Гуантанамо әскери базасында қамауда отырған екі адамның сыртынан түсірілген сурет. 19 қаңтар 2012 ж.
Гуантанамо әскери базасында қамауда отырған екі адамның сыртынан түсірілген сурет. 19 қаңтар 2012 ж.
Австралия үкіметі терроризмге қатысы бар деген айып бойынша Гуантанамо түрмесінде қамауда болған Дэвид Хикстің кітабына байланысты даулы істе ұтылып қалды.

Хикс өзінің қылмыстық өткен-кеткенін табыс көзіне айналдырғысы келеді деген желеумен оны кітапты сатудан түсетін қаржыдан қақпақшы болған үкімет былтыр оның үстінен сотқа жүгінген. Бірақ заң органы терроризм айыбына ілінгендердің кітап шығаруы заңға қайшы болмайды деген ұйғарым жасаған.

2001 жылы Ауғанстанда ұсталған Дэвид Хикс бес жылдан астам уақыт Гуантанамо түрмесінде қамауда болды. 2007 жылы айыбын мойындау туралы мәміле жасаған соң түрмеден босап, Отанына келгенде Австралия соты оны әл-Қаида ұйымына материалдық қолдау білдіргені үшін айыптап, Хикс тоғыз айға түрмеде отырып шықты.

Дэвид Хикстің өзі туралы «Гуантанамо: Mенің сапарым» атты автобиографиялық кітап жазып шығарды. Ол кітапты сатудан шамасы он мың АҚШ доллары көлемінде пайда тапқан деген жорамал айтылады.
XS
SM
MD
LG