Accessibility links

Владислав Челах психиатриялық сараптамадан өтті


Шекарашы Владислав Челах. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.
Шекарашы Владислав Челах. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.
Өзімен бірге әскери қызмет атқарған серіктері мен орманшыны өлтірген деген күдікке ілінген шекарашы Владислав Челахқа жүргізілген психиатриялық сараптама аяқталды деп хабарлады «Интерфакс-Казахстан» агенттігі.

Тексеру жұмыстары дүйсенбі күні аяқталған, алайда оның қортындысы тергеу құпиясына жатады, қазір Челах алдын ала қамау мекемесіне әкетілді деген сарбазға сараптама жасаған республикалық психиатрия орталығының бас дәрігері Наталия Логачева.

Бас дәрігердің айтуынша, Челах сараптаманы «осындай жағдайға тап болған өзгелер сияқты» өткерген.

Биыл мамыр айының 30-ында «Шығыс» аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының Арқанкерген постында 12 шекарашының, бір қорықшының мәйіті, маусымның 1-і тағы 2 шекарашының мәйіті - барлығы 15 адамның сүйегі табылған. Маусымның 5-інде тірі қалған жалғыз шекарашы ұсталып, оның аты-жөні Владислав Челах екені белгілі болды. Маусымның 7-сінде Қазақстан бас прокуратурасы оның «қасындағы серіктерін өлтіргенін» мойындағаны туралы хабарлады. Челахтың туыстары оның кінәлі екеніне күмән келтіреді.
XS
SM
MD
LG