Accessibility links

Тәжікстанның таулы аймағында ұрыста тоғыз адам қаза болған


Хорог қаласы, Таулы Бадахшан аймағы. Көрнекі сурет.
Хорог қаласы, Таулы Бадахшан аймағы. Көрнекі сурет.
Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысындағы Хорог қаласында үкімет күштері мен күдікті топ арасында бүгін басталған ұрыстар жалғасып жатыр.

Ресми тұлғалардың айтуынша, үкімет күштерінен тоғыз кісі қаза тауып, 20-дан астам адам жараланған. Сонымен бірге қарсы жақтан да бірнеше адамның оққа ұшып, тағы бірнеше адамның қолға түскені, олардың арасында Ауғанстан азаматтары бар екендігі айтылып отыр.

Сейсенбі күні осы ауданда өткен аптада қастандықпен өлтірілген ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің генералы Абдулло Назаровтың қазасына қатысты күдіктілерді қолға түсіру операциясы басталған. Ресми ақпаратта бұл арнайы шараның мақсаты оппозиция әскерінің бұрынғы қолбасшысы, ал қазір «Ишкашим» шекара бекеті бастығының орынбасары Толиб Айембековты қолға түсіру екендігі айтылған.
XS
SM
MD
LG