Шығыс Қазақстан облысында екі жеңіл автокөліктің қақтығысуы салдарынан 6 адам мерт болып, үш адам жарақат алған. Бұл туралы Қазақстанның ақпарат агенттіктері хабарлады.
Оқиға сейсенбі күні кешке Үлкен Нарыннан Күршімге баратын тас жолда болған. «Toyota» және «ВАЗ» маркалы екі автокөліктің жүргізушілері, көліктердің әрқайсысынан екі-екіден төрт жолаушы апат салдарынан тіл тартпай кеткен.
Ал «Toyota» көлігінде болған екі жолаушы мен «ВАЗ» автомобилінде отырған бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.