Беларусь президенті Александр Лукашенкоға Лондон Олимпиадасына баруға рұқсат берілмеді. Бұл туралы Ресей ұлттық олимпиада комитетінің басшысы әрі Мемлекеттік думаның мүшесі Александр Жуков «Твиттер» әлеуметтік желісі арқылы хабарлаған.
Адам құқықтары мен демократиялық принциптерді бұзғаны үшін Еуропа одағы өз аумағына келуіне тыйым салған Беларусь елінің жүздеген шенеунігінің арасында президент Александр Лукашенко да бар.
Шілденің 27-і күні Лондонда Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына 120-ға жуық елдің президенттері қатысады деп жоспарланған. Сирия президенті Башар Асад пен Зимбабве президенті Роберт Мугабе бұл шараға шақырылмаған.
Лукашенко Лондон Олимпиадасына бара алмайды

Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Қытай "тұтқынында"
Шыңжаң мұсылмандарының құқығын қорғаушылар Байден әкімшілігінен не күтеді?
-
Қарсылық трансформациясы
"Екі ел де оппозиция митингісіне күш қолданады". Ресейдегі наразылық һәм Қазақстан
AzattyqTV