Accessibility links

Тәжікстанда әскери операция аяқталды


Хорог қаласы, Таулы Бадахшан аймағы, Тәжікстан.
Хорог қаласы, Таулы Бадахшан аймағы, Тәжікстан.
Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысындағы әскери шаралар аяқталды деп хабарлады Азаттық радиосының Тәжік редакциясы. Сәрсенбі күні тәжік билігі операцияны уақытша тоқтатып, үкімет күштеріне қарулы қарсылық көрсетіп жатқандарды келіссөздер өткізуге шақырған. Үкімет өз еркімен қаруын тапсырғандарды қудаламауға уәде берген.

Өткен сенбіде Таулы Бадахшан аймағында ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің генералы Абдулло Назаров қастандықпен өлтірілген соң, сейсенбі күні үкімет күштері генералдың қазасына қатысты бар күдіктілерді қолға түсіру операциясын бастағаны хабарланды.

Ресми орындардың ақпараты бойынша, операция барысында үкімет күшінен 12 сарбаз, ал қарсы жақтан 30 адам мерт тапқан. Азаттық радиосының Тәжік қызметі Таулы Бадахшан автономиялық облысының орталығы Хорог қаласында отызға жуық бейбіт тұрғынның қаза болғаны туралы хабарлады.
XS
SM
MD
LG