Accessibility links

Мексика шахтасында жарылыстан 7 адам қаза болған


Кеншілер. Көрнекі сурет.
Кеншілер. Көрнекі сурет.
Мексиканың солтүстігіндегі Коауила штатында көмір өндіретін шахтада жарылыс салдарынан жеті кенші мерт болған.

Полиция өкілі шахтадағы жарылыс метан газының тұтануынан пайда болған деген болжам айтты.

Соңғы жылдардың ішінде аталған штаттағы шахталарда болған бірнеше апатта кеншілер қаза тапты. Мәселен 2006 жылы ақпанда «Паста Де Кончос» шахтасындағы апат салдарынан 65 адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG